«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар…

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар…

 

«Білім шыңының баспалдағы - бастауыш» бастауыш сынып әдістемелік апталығы аясында 24 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі Г. Т. Сопыханова «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырып өткізді. 

Қазақ тіл біліміндегі Фонетика, Лексика, Морфология, Синтаксис салаларын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы негізінде оқытуды үйретті. Оқу материалдарының әрбір бөлім, тарау және параграф мазмұнына байланысты грамматикалық талдаудың жеке және тұтас жүйелі схема үлгілерімен талдап дағдыланған оқушыларға талдау жүргізу онша қиындыққа түспейтінін нақты дәлелдермен көрсетті. Семинарға қатысқан мұғалімдер технологияның жан-жақтылығын түсініп, соның ішінде көру арқылы қабылданған білім жадыда ұзақ сақталатынына көз жеткізді. Сонымен қатар, қажетті тұста қайта жаңғыртып еске түсіруде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясындағы схемасының көмегін көрді. Мұғалімдер назарына талдаудың бірнеше түрі ұсынылды.