"Негізгі және туынды зат есім" тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ…

24.01-27.01 аралығында «Білім шыңының баспалдағы - бастауыш» бастауыш сыныптар апталығының өткізілуі жоспарланды. Апталықтың мақсаты: жаңа әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану. Оқушылардың белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыру.
«Білім шыңының баспалдағы - бастауыш» апталығы аясында 24 қаңтар күні 3 «Ә» сыныбында Аманбекова Г. М. "Негізгі және туынды зат есім" тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: негізгі және туынды зат есімді ажырата білу, анықтау, сурет бойынша негізгі және туынды зат есім қолдана отырып қысқа мәтін құрастыра білу.
Дата: 24.01.2023, 20:38 Автор: "Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты"