«Салауатты денсаулық» тақырыбымен суреттер байқауы өткізілді...

«Салауатты денсаулық» тақырыбымен суреттер байқауы өткізілді...

 

  Мектебімізде 7 сәуір «Дүниежүзілік денсаулық күніне» арнайы апталық ұйымдастырылып, іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда. 5-7 сәуір күндері 1-4 сынып оқушылары арасында «Салауатты денсаулық» тақырыбымен суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл сурет байқауы біріншіден, балалардың сурет салуға деген құштарлығын көрсетсе, екінші жағынан, оқушылардың өз өмірлеріне қаншалықты алаңдай отырып, салауаттылықты берік ұстанатындықтарының зор екенін көрсетті. Байқау нәтижесінде әділқазылар бір ауыздан, бейнеленген суреттерді сараптай отырып әр жұмысқа тиісті орындарын берді:

І орын – Өмірзақ Досымжан, Қазкен Меруерт, Дәуренұлы Әли;

ІІ орын – Эргаш Іңкәр, Төлегенова Айгерим, Рымқұл Сабина, Есімсейітова Адия;

ІІІ орын - Эмирзада Нұрдәулет, Несіпбек Ұлағат, Жакенова Нұрайым, Рүстемұлы Әлішер.

Белсене қатысқандары үшін: Косибаева Динара, Алдамұрат Нұдәулет, Қонысбай Берік, Утепова Кәусар алғыс хаттармен марапатталды.