«Бір отбасы - бір кітап» жобасы аясында «Абай табиғат жыршысы» атты отбасылық шығармашылық байқауы өтті...

«Бір отбасы - бір кітап» жобасы аясында «Абай табиғат жыршысы» атты отбасылық шығармашылық байқауы өтті...

 

  М. П. Русаков атындағы № 2 санаторлық мектеп-интернатында 2020 жылдың 21-қарашасында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және аға-тәлімгердің ұйымдастыруымен «Бір отбасы- бір кітап» жобасы аясында «Абай табиғат жыршысы» атты отбасылық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға 2-4 сынып оқушылары ата-аналарымен ZOOM бағдарламасы арқылы қатысты. Байқау мақсаты - отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылықты ояту. Байқау кезең-кезеңмен өткізілді.

1-кезең «Визит картасы» - өзін-өзі таныстыру 1 минут: отбасындағы кітап оқу үрдісі жайлы 1-2 минуттық бейне жазба дайындау.

2-кезең «Үздік дауыс» - өлең шумақтарын толықтырып, берілген өлеңді мәнерлеп оқу.

3-кезең «Абай өмірі бойынша блиц-тур».

Үш кезеңнен тұратын байқауға 6 отбасы қатысып жүлделі орындарға ие болды. Байқау жоғары деңгейде өтті.

 

 

Дата: 21.11.2020, 19:37 Автор: Мектеп-интернат №2