«Ұмытылмас ұлы тұлға» атты жас русаковшылар қатарына қабылдау күніне арналған салтанатты жиын өткізілді...

«Ұмытылмас ұлы тұлға» атты жас русаковшылар қатарына қабылдау күніне арналған салтанатты жиын өткізілді...

 

  Жалпы білім беретін М. П. Русаков атындағы № 2 санаторлық мектеп-интернатында 20-қараша күні «Ұмытылмас ұлы тұлға» атты жас русаковшылар қатарына қабылдау күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды 1-сынып оқушыларына мектебіміздің әр сынып кабинетінде өткізді. Жиында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп, бұл күн мектебіміз үшін маңызы зор күн екенін атап өтті. Жиын барысында русаковшылар қатарына қабылданғалы тұрған жас бүлдіршіндерге сөз беріліп, ант қабылданды. Салтанатты жиын балалардың мектебіміздің өлкетану мұражайына саяхат жасауымен аяқталды, мұнда балалар М. П. Русаковтың өмірі мен еңбек жолы туралы көбірек ақпарат ала алды.

Дата: 21.11.2020, 19:13 Автор: Мектеп-интернат №2