«Декоративная роспись» /«Сәндік кескіндеме»/ атты виртуалды шығармашылық шеберханасы...

«Декоративная роспись» /«Сәндік кескіндеме»/ атты виртуалды шығармашылық шеберханасы...

 

  Балалардың шығармашылық қабілеттерін және рухани құндылықтарын дамыту мақсатында «Оқушылар сарайы» мемлекеттік мекемесінің «Балауса-2020» демалыс орталығы «Декоративная роспись» /«Сәндік кескіндеме»/ атты виртуалды шығармашылық шеберханасын ұйымдастырды. Шеберханада балалар ас тәрелкелерін бояумен әрлеп жұмыс жасады. Қатысушылар өздерінің шығармашылықтары мен өнерінің барлық білік-дағдыларын қолдана отырып, өздерінің қиялдары мен шығармашылықтарын өз жұмыстарына салды. Шығармашылық шеберхананың қорытындысы шығарылып, үздік жұмыстар марапатталды. Оқушымыз Шакирова Аружанның жұмысы 3-орынға ие болды.

Дата: 31.07.2020, 10:57 Автор: Мектеп-интернат №2