Размер шрифта:

4 сынып оқушыларымен "Үштілдік әлеміне саяхат" атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті...

4 сынып оқушыларымен

 

   Ақпанның 25 жұлдызында М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында «Үш тіл үш әлем» апталығының аясында 4 сынып оқушыларымен "Үштілдік әлеміне саяхат" атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті.

Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасында тілдері басым болып табылатын елдермен таныстыру. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге деген ынтаны қалыптастыру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін, есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, зейіндерін дамытуға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің маңыздылығын көрсету. Қазақстан Республикасындағы ең маңызды рухани-адамгершілік құндылықтар ретінде азаматтықты, патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Іс-шара интеллектуалды ойын түрінде өткізілді. Ойынға 4-сынып оқушыларынан 2 құрама топ қатысты. Ойын барысында балалар «Англия», «Ресей», «Қазақстан» елдеріне көңілді саяхатқа шықты. Әрбір «елде» оларды қызықты дәстүрлер, көрнекті адамдар, географиялық көрнекті жерлер туралы әңгімелейтін гид күтіп тұрды. Балалар үш тілде хабарламалар мен өлеңдер дайындады, түрлі тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар шешті.

Дата: 25.02.2020, 16:51 Автор: Мектеп-интернат №2