«Мен оффлайн» тақырыбында сынып сағаттары өтті...

«Мен оффлайн» тақырыбында сынып сағаттары өтті...

 

  24 қаңтар күні барлық іс-шаралардың қорытындысы ретінде сынып жетекшілері барлық сыныптарда «Мен оффлайн» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Сынып сағаттары топтық жұмыс, дебат түрлерінде өтті. Тақырыптық сынып сағаттарында мұғалімдер Интернеттегі балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударды, балаларды Интернетте ақпаратты таңдау ережелерімен таныстырды, әлеуметтік желілерде өзін қалай ұстау керектігін айтты. Сынып сағатттарында «Интернетсіз әлем» топтық тапсырма өткізіліп, оқушыларға екі тізімді жасау ұсынылды: Интернет болмаса, менің өмірімнен не жоғалады? Интернет болмаса, менің өмірімде не пайда болады? 7-8 сыныптарда «Мұрагер» және «Компьютер» топтарына бөлініп дебат жүргізді, бастауыш сыныптары «Оффлайн», «Онлайн», «Интернет - жау», «Интернет - дос», «Интернетсіз бір күн» тақырыптарында кластерлерін қорғады. 10 сыныпта «Google», “Yandex” топтарында өздерінің көзқарастарын қорғады.

Акцияға атсалықсан барлық педагогикалық ұжым мен оқушыларға алғыс білдіреміз. 2020 жыдың 26 қаңтарында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды акциясының белсенді қатысушысы болуға шақырамыз! Бір күнімізді интернетсіз өткізіп көрейік!

Дата: 24.01.2020, 14:48 Автор: Мектеп-интернат №2