«Ел ертеңі – жастар көзімен» атты дебат ойыны өтті...

«Ел ертеңі – жастар көзімен» атты дебат ойыны өтті...

 

  4 желтоқсан 2019 жылы №2 мектеп-интернатында 9-10 сыныптар арасында «Жастар жылына» арналған іс-шаралар аясында «Ел ертеңі – жастар көзімен» атты дебат ойыны өтті. Дебатты 9 сынып оқушысы Иманов Дарын жүргізді. Екі топ, жетекшілерімен: «Аманат» және «Болашақ» Аяғанова Баян, Омарова Айсұлу өз көзқарастарын ортаға салды... Тұтас бір жыл жастарға арналды. Осы кезеңде қандай нәрсеге баса назар аударған дұрыс? Біз, жастар өзгеріске қалай дайындалуымыз керек? Мемлекет пен қоғамға пайдамыз тию үшін не істеуіміз керек? – деген сауалдарды мақсаты бар әр жас азамат өзіне қою керек екендігін алға тартты. Болашағың жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр маман иесіне осы жыл таптырмас мүмкіндік жылы... Дебат барысында «Саналы ұрпақ – ел болашағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дата: 5.12.2019, 14:25 Автор: Мектеп-интернат №2