«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталықтың ашылу салтанаты өтті...

«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталықтың ашылу салтанаты өтті...

 

  ЖББ М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында 2019 жылдың 9 қыркүйегінде «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықты өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару.
Жиында апталық аясында жүргізілетін жұмыс жоспарымен оқушылар танысты. Апталық барысында 9-14 қыркүйек аралығында «Бақытты жанұя – бақытты ел» сурет көрмесі 1-4 сынып аралығында ұйымдастырылады, жауапты көркем еңбек пәнінің мұғалімі М. Б. Сонымен қатар, осы аралықта мектептің кітапханасында «Біз бақытты отбасымыз» атты кітапхана көрмесі өткізіледі. 10 қыркүйек күні «Отбасы бақыты» атты тренинг өткізіледі, жауапты мектеп психологы Асылханова А. А. отбасы мәселесіне байланысты психологиялық кеңестер береді. 14 қыркүйек күні «Мен, сен, ол, біз, бірге берік отбасымыз» спорттық сайысы 2-4 сыныптардың ата-аналарымен өткізіледі. Осы сайысқа әр сыныптан 1 отбасы қатыса алады. Сонымен қатар, «Тәрбие - тал бесіктен» атты мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы 13 қыркүйекке жоспарланды.

Дата: 9.09.2019, 16:46 Автор: Мектеп-интернат №2