«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ 2019» қайырымдылық бастауы...

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ 2019» қайырымдылық бастауы...

 

  2019 жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.

Балқаш қаласының білім бөлімі  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 04 шілдедегі № 3-15-3/2317-И  хатына сәйкес 1 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуін жариялайды.

Ағымдағы жылы Министрліктің әлеуметтік бағыттағы бастамасы «Жүректен жүрекке! ұранымен өтеді.

Акцияның мақсаты– аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

Әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда барлық мүмкін болатын атаулы көмек көрсетуде әрқайсымыз азаматтық белсенділік білдіріп, әр балаға оның мектепке баратын жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін көңіл бөліп, көмек көрсетіп шынайы қамқорлық жасай аламыз!

Барлығыңызды акцияның белсенді қатысушылары болуға шақырамыз!

«Балқаш қаласының М. П. Русаков атындағы №2 жалпы санаторлық мектеп-интернаты» КММ қаламыздың барлық азаматтарына, кәсіпкерлеріне, меценаттарына акцияға қосылуға  ұсыныс жасай отырып, қиын жағдайдағы отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге  шақырады.

  Акцияға қатысуға ниет білдірген азаматтарға «Балқаш қаласының М. П. Русаков атындағы №2 жалпы санаторлық мектеп-интернаты» КММ-нің сенім телефонына 8(71036)7-20-17 хабарласуыңызды сұраймыз.

Дата: 5.08.2019, 16:18 Автор: Мектеп-интернат №2