Халықты «цифрлық сауаттылыққа» оқыту курсын талдау...

Халықты «цифрлық сауаттылыққа» оқыту курсын талдау...

 

   2019 жылдың 1 шілдеден бастап «Балқаш қаласы жалпы білім беретін М П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де халықты сандық сауаттылыққа оқыту бойынша курстар басталды. Адами капиталды дамыту мақсатында – "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бағыттары, халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша оқу бағдарламалары әзірленді.
Оқыту келесі дағдылар бойынша жүргізілді:
1. Дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, интернет желісін сенімді пайдалануды, қауіпсіздік пен деректерді қорғауды қамтитын базалық цифрлық дағдылар.
2. Үйден шықпай-ақ "онлайн" қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды қамтитын "электрондық үкіметті" пайдалану дағдылары.
3. "Ашық үкіметтің" төрт компонентін (ашық деректер, Ашық нормативтік-құқықтық актілер, Ашық диалог және бюджеттер) пайдалануды қамтитын "ашық үкіметті" пайдалану дағдылары.
4. Онлайн тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және жылжыту дағдыларын қамтитын "электрондық сауда" дағдылары.
5. Дербес деректерді қорғауды, ДК, планшетті, смартфондарды қорғауды, интернет желісінде қорғауды қамтитын ақпараттық қауіпсіздік бойынша дағдылар.
Оқыту курстары 1 немесе 5 дағды бойынша өз құзыретін көтергісі келетіндерге, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін берілді.
Қазіргі уақытта 2019 жылдың 1 шілдеден 31 шілдеге дейін 322 адам, көп балалы аналар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, оқушылар болды. Олардың барлығы курстан өтіп, оқу сертификаттары табыс етілді.

 

Дата: 31.07.2019, 22:00 Автор: Мектеп-интернат №2