«Ерте, ерте, ертегі қызықтырып ертеді...» атты ертегілер еліне саяхат өткізілді...

«Ерте, ерте, ертегі қызықтырып ертеді...» атты ертегілер еліне саяхат өткізілді...

 

  25 шілде күні «Болашақ» жазғы сауықтыру орталығында «Ерте, ерте, ертегі қызықтырып ертеді...» атты ертегілер еліне саяхат өткізілді.

Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің іс-əрекетін орындай білуге үйрету, шығармашылыққа, батылдыққа тəрбиелеу.

Бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыруда ертегілердің маңызы зор. Тапқырлық пен төзімділікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап өскен бала мейірімді, үлкенді сыйлайтын бала болып өседі. 

Шара барысында оқушылар иттің, доңыздың, балапанның тағы басқа да аңдардың образдарын сомдап, «Мақтаншақ қоян» ертегілерінен көрініс қойды. Әр түрлі ойындар ойналды. Балалар тақпақ айтып, би биледі. Шара соңында барлығы бірге Буги-вуги әуеніне флешмоб биледі.

Дата: 31.07.2019, 21:55 Автор: Мектеп-интернат №2