"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған курсқа шақырамыз...

 

  Балқаш қаласының тұрғындары! М.П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты сіздерді «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған халық үшін цифрлық сауаттылық бойынша тегін курстарына шақырады. Бұл курс 4 негізгі цифрлық және 2 қосымша дағдыларды қамтиды:
1) базалық компьютерлік дағдылар;
2) e-gov дағдылары (электрондық үкімет);
3) OpenGov дағдылары (ашық үкімет)
4) электрондық коммерция дағдылары (электрондық коммерция);
Қосымша екі дағды:
1) медиа дағдылары
2) кәсіби цифрлық дағдылар
Курстар қаланың орта мектептерінде өтеді. №2 интернатта бұл курстар 1 шілдеден 31 шілдеге дейін және 1 тамыздан 30 тамызға дейін өтеді.
Ұзақтығы: 2 күн 09: 00-ден 18: 00-ге дейін.
Курстарға тіркелу Уалиханов көшесі, 5, «Балқаш қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік білім беру мекемесінде жүргізіледі.

 

Дата: 19.07.2019, 11:35 Автор: Мектеп-интернат №2