«Судан құтқару» аймағына экскурсия...

«Судан құтқару» аймағына экскурсия...

 

 6 маусым күні «Болашақ» сауықтыру орталығының демалушылары көл жағалауындағы «Судан құтқару» аймағына экскурсияға шықты. Экскурсия барысында «Судан құтқару» қызметінің мамандары оқушылармен арнайы әңгіме жүргізіп, «судан құтқару», «барлау» жұмыстарының қалай жүргізілетіні жайлы практика жүзінде таныстырды. Оқушылар қызыға тыңдап, сұрақтар қойды. Сондай-ақ су қауіпсіздік ережелерін алдағы күндері бұлжытпай орындауға уәделесті.

Дата: 6.06.2019, 16:00 Автор: Мектеп-интернат №2