«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық кампаниясын өткізу туралы ақпарат...

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық кампаниясын өткізу туралы ақпарат...

 

   Маусым айының 1-нен  бастап М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының жанындағы «Болашақ» сауықтыру орталығында алдын ала бекітілген жоспар бойынша мектеп сайтында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық кампаниясын өткізу туралы ақпарат таратылды. 

2 маусым күні «Біз бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» тақырыбында И. Айекейдің ұйымдастыруымен флеш-моб өткізілді.

Балалар мен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық — зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы  түсінік беру, талқылау мақсатында 3-маусым күні «Менің құқығым» атты 6-7 сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жеке бас қауіпсіздігі мен олардың еңбегін ересектер пайдаланбас үшін түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың көшеге жалғыз шығуына, ал сағат 22.00-ден кейін көңіл көтеру орындарында болмауы үшін мектеп әлеуметтік педагогымен бірге  арнайы рейд жұмыстары да жүргізілді.

Дата: 4.06.2019, 23:25 Автор: Мектеп-интернат №2