1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және де мектеп жанындағы жазғы «Болашақ» сауықтыру демалыс орталығының ашылуы...

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және де мектеп жанындағы жазғы «Болашақ» сауықтыру демалыс орталығының ашылуы...

 

   1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де мектеп жанындағы жазғы «Болашақ» сауықтыру демалыс орталығының ашылуына арналған № 2 мектеп-интернатында «Балалық шағымның аспаны» атты ашылу салтанаты болып өтті. 

Тақырып бойынша мектеп алдының алаңы безендіріліп, ұйымдастырушылар балаларды заманауи биімен қарсы алды. Мерекеге арналған салтанатты жиынды құттықтау сөзбен мектеп директоры Жамшыбаева П. С. бастады, одан әрі қарай мерекені балалардың көңілін көтеретін, арнайы ойын-сауық бағдарламасымен жалғасып кетті.

Балалармен әртүрлі ойындар, конкурстар, билер ұйымдастырылып, мерекенің аяғына дейін балалардың көңілін аулады. Сонымен қатар, «Аю мен Маша» қойылымы көрсетіліп, оқушылар қызыға тамашалады. Аю мен Маша балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, тәтті сыйлықтар таратты. Осы мерекелік жоғары көңіл-күймен балалар ата-аналарымен бірге концерттік бағдарламаны тамашалап, соңы мектеп хореографы дайындаған үлкен «Спорттық биі» флешмобына жалғасты.

Дата: 3.06.2019, 10:37 Автор: Мектеп-интернат №2