"Ұшырдың баптап ұядан" атты 9 сыныптардың мерекелік концерті...

 

  25 мамырда 9-шы сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. "Ұшырдың баптап ұядан" мерекелік іс-шара барысыныда оқушылар би билеп, ән шырқады, домбырамен күй тартып, мұғалімдеріне ризашылығын білдірді. Бұл мерекеге ер жетіп қалған оқушыларына ақ жол тілеп, алғашқы ұстаздары келді. Ата-аналар мен педагогтар балаларға емтиxанда сәттілік тілеп, қалаған оқуларына түсуіне тілек білдірді.

 

 

 

 

Дата: 27.05.2019, 21:08 Автор: Мектеп-интернат №2