Мектеп күні

Мектеп күні

28 ақпанда  2016-2017 оқу жылында «Балқаш қаласының жалпы білім беретін мектеп –интернаты» КММ-де    «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбы бойынша Мектеп күні өтті.  «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының аясында ашық сабақтар өтті. Жаратылыстану – математикалық бағыттағы, гуманитарлық бағыттағы  және  бастауыш сынып  мұғалімдері  ашық сабақтарын  көрсетті .

Бастауыш сынып мұғалімдері  мазмұнын жаңарту бойынша  сабақтарын көрсетті.  Сауаттылыққа үйрету пәнінің мұғалімі Бровкина Оксана Владимировна «Играем в грамматическую арифметику. Сочитания ча,чу»,   математикадан  Бекбергенова Шолпан Жумасиловна «Теңдеуді шешу» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.

Гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі Адрейсова Шынар Ардашовна  8А сынып оқушыларына   қазақ әдебиеті бойынша  «Жырдың сюжеті мен композициясы»,   қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сапарбекова Айгүл Орынбайқызы 5Б сыныпқа  қазақ әдебиеті бойынша  М. Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» тақырыбынан сабақ берді.

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы  математика пәнінің мұғалімі Баянбаева Айгул Нургалиевна 5А сынып оқушыларына  «Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту» тақырыбы бойынша, информатика пәнінің мұғалімі  Мерекенова Жанна Бериковна 9Б сынып оқушыларына « База данных структура база данных.Таблицы базы данных» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.

Дата: 2.03.2017, 10:13 Автор: Мектеп-интернат