Сыныптан тыс іс – шара: «Оқысаң ғылым қорын білім асар, көңілдің кіршік басқан көзін ашар»

Сыныптан тыс іс – шара: «Оқысаң ғылым  қорын білім асар, көңілдің кіршік басқан көзін ашар»

Алдағы жылы қазақстандықтар шығыс ортағасырлық ой-пікірлер данышпаны Әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтеді. Осыған орай 14.01.2020ж. «Балқаш қаласы жалпы білім беретін мектеп-интернаты»КММ«Оқысаң ғылым  қорын білім асар, көңілдің кіршік басқан көзін ашар» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.

Іс-шара барысында 7а және 7б сынып оқушыларына қазақ және орыс тілдерінде презентация ұсынылды. Презентация қарау кезінде «Әл-Фараби қоры »  сұраққа жауап беру,ой қозғау, топпен жұмыс істеу әдістері қолданылды, мұнда оқушылар  сұрақтарға жауап берді, әр сұраққа ұпай алды. 7а және 7б командалары зияткерлік ойынмен  өз білімдерін сынап көрді және іс-шара соңында әр топ постер жасады. Іс – шараны география және биология пәнінің мұғалімдері Тулендина Э.Н және Карабекова Ж.С  өткізді.

Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.

Дата: 14.01.2020, 15:25 Автор: Мектеп-интернат