"Сарыарқа саңлағы"

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп – интернаты» 09.01.2020 ж. «Сарыарқа саңлағы» Жастар жобасын іске асыру аясында 8- 9 сыныптар арасында «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай» дебаттық турнир өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлінді. 1 топ « Өлең сөздің патшасы», 2 топ «Қара сөздің қаймағы»  командалары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.Бұл сайыстың мақсаты жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, қазақстандық патриотизмді  қалыптастыру. Өз тарихын дәстүрімен салтын қадірлеп, қастерлейтін, ұлы адамдардың өмірін өзіне үлгі тұтатын, ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың ой – өрісін кеңейтетін мұндай сайыстар әлі де жалғасын табады.

Дата: 9.01.2020, 14:38 Автор: Мектеп-интернат