«Дарынды-дарын таниды» атты тақырыпта әдеби алаң

«Дарынды-дарын таниды» атты тақырыпта әдеби алаң

Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл.  

2022 жылдың 28 қыркүйек күні «Балқаш қаласының орталықтандырылған  кітапхана жүйесі» КММ №2 кітапхана-филиалының кітапханашысы А.К.Ахметжанованың  ұйымдастырумен белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына байланысты «Дарынды-дарын таниды» атты тақырыпта әдеби алаң өткізді. Іс-шараға «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 7 «Г» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға жазушының өмір жолы жайында бейнеролик көріп, кітаптарымен танысып, сұрақтарға жауап берді. Жазушының ел мүддесі үшін атқарған еңбегі мемлекет тарапынан жоғары құрметке лайық және бүкіл ғұмырын ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына арнап, кейінгі ұрпаққа рухани бай мұрасын із қалдырған тұлға.

@balqash_qalasy_bilim_bolimi 
@g.kozhakhmetoova
#ҚОББтәрбие
@umckrg
#балаларжылы09
#годребенка
Дата: 29.09.2022, 16:35 Автор: әл-Фараби атындағы ЖББМ