«Абай- дара, Абай- дана қазақта!» тақырыбында әдеби-кеш

«Абай- дара, Абай- дана қазақта!» тақырыбында әдеби-кеш

2019 жылдың  28 қараша күні  Ұлылығын әлемге мойындатқан дана, дара Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында   лингвистикалық бағыттағы №16 мектепте мектеп кітапханашысы  А.Шаймерденнің ұйымдастыруымен «Абай- дара, Абай- дана қазақта!»  тақырыбында әдеби-кеш өтті.

Кеш барысында  ар-ұят,  адамдық қасиеттер, махаббат, табиғат тақырыбындағы  ақын атамыздың  біршама өлеңдері мен қара сөздері жатқа оқылып, аудармалары мен поэмалары  таныстырылды.  Кеште Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін 7 сынып оқушысы Куантай Ерасыл  нақышына келтіре орындап, көрермендер қошеметіне бөленді.        

Көрермендерге өз заманының озық туған ақын Абайдың өмірі мен  шығармашылығына қатысты мәнді сұрақтар қойылды.  Кешке қатысушылар Абай мұрасымен сусындап, өз танымдарын   кеңейтті.

Дата: 3.12.2019, 11:11 Автор: №16 ОМ