Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы және 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Мен де Елбасындай боламын...» атты байқауының қорытынды ақпары

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы және 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Мен де Елбасындай боламын...» атты байқауының қорытынды ақпары

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан- Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам. Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді. Ол үшін саясатшы болу - бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Осы орайда мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында «Мен де Елбасындай боламын...» байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға әр сыныптан 2-3 оқушы сынға түсті.

Байқау барысы 3 кезеңнен орын алды. 

«Мен де Елбасыдай боламын...»тақырыбындағы бірінші кезеңде ақындардың Елбасымызға арнау өлеңдерін өнерпаздар мәнерлеп жатқа айтып берді. Мәселен, Маралтай Ыбыраев «Елбасы», айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова «Елбасыға арнадым жырымды мен», Тоқтарбай Бадамбаев «Ел бастаған Елбасы», Ер-Ахмет Салим «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», Марат Қаниев «Тәуелсіздік – тірегім», т.б. сияқты өлеңдерді нақышына келтіріп, жүрекпен сезініп оқығанда, өздерінің періште тілектері де бірге үндесіп тұрғандай...

 «Елбасы –тірегіміз, Қазақстан –жүрегіміз» деп аталатын екінші кезеңде Елбасы, Тәуелсіздік тақырыбында сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша 6Д сынып оқушысы Арманқызы Азиза бас жүлдені, І орынды 6Г сыныбынан Нариманұлы Нұрғиса мен5Г сынып оқушысы Рзаханов Абумуслим иеленсе, ІІ орынмен6Б сынып оқушысы Қанат Ақжол мен5Б сынып оқушысы Нұрғасли Ақмарал және ІІІ орынмен  6Д сынып оқушысы Талысова Ажар мен 5Г сынып оқушысы Төкен Нұрсая марапатталды. Басқа өнерпаздарға номинциялар мен алғыс хаттар табысталды.

Дата: 3.12.2019, 9:54 Автор: №16 ОМ