Адалдық сағаты

Адалдық сағаты

6 қараша күні ЖББ №16 орта мектебінде «Адалдық сағаты» болып өтті. Бұл сынып сағатының мақсаты: адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету. Осы мақсатта әр сыныпта бұл тақырып әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жан-жақты талданды.

Осындай іс-шаралар оқушылардың әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуына дағдыландырады.

Дата: 6.11.2019, 15:11 Автор: №16 ОМ