«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Ұлы Отан соғысындағы   Жеңістің 74 жылдығы мерекесіне орай  ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде  мазмұнды сынып сағаттары өтті.  Соның бірі 9В сыныбында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбымен 8 мамырда кездесу түрінде өтті. Оған қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ұйымының төрайымы Р.Арзымбетова, «Білім беру саласының үздігі», «Достық» орденінің иегері, жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Төлеуов, мектебіміздің ардагер ұстазы А.Елемесова шақырылды. Тәрбие сағаты жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу,  оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу мақсатын көздеді.

Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.  Алапат соғыс кезеңдерін бейнелейтін көріністерді оқушылар шынайы көрсетіп, көрермен ризашылығына бөленді. Келген қонақтар кездесу барысында оқушыларға тағылымды әңгімелер айтып берді.


 

Дата: 10.05.2019, 10:47 Автор: №16 ОМ