«Бір шаңырақ астында» достық фестивалі өтті

«Бір шаңырақ астында» достық фестивалі өтті

30 сәуір күні ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған әр түрлі мерекелік шаралар өтті. «Бір шаңырақ астында» тақырыбында өткен достық фестивалінде оқушылары түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, олардың салт-дәстүрлерінен көріністер және ұлттық тағам түрлерін көрсетті. Мерекеде түрлі этностардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес би биленіп, әндер шырқалды. Бірлік пен ынтымақты, келісім мен тұрақтылықты насихаттаған осындай танымдық іс-шаралардан оқушылар тағылымды әсер алды.

Дата: 3.05.2019, 16:19 Автор: №16 ОМ