Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар

Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы құрылуының құрметіне жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді, бұл күннің басты мақсаты өмірдің әр кезеңінде салауатты өмір салтын ұстануға мақсат қою арқылы жеке бастың денсаулығын сақтау мен нығайту, адамдарға өзі және отбасының денсаулығы үшін дұрыс таңдау жасауға және шешім қабылдауға бағыт-бағдар беру.

7-сәуір- Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар мектебімізде 6-сәуір күні «Шынықсаң шымыр боларсың» тақырыбымен таңғы жаттығу жасаумен басталды. Оқушылар ырғақты әуенмен жаттығу түрлерін жасады.

Мектеп медбикесі 10-сынып оқушыларымен кездесіп, «Салауатты ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында дәріс сабақ өткізді. Одан оқушылар денсаулық сақтау, оның ішінде дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын сақтау туралы көп деректер алды.

Сонымен қатар, 5-6 сыныптар аралағында пионербол, ал 7-8 сыныптарға мектептің спорт алаңында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

«Біз салауатты өмірді таңдаймыз» тақырыбымен өткен эстафеталық ойындарға 3 сынып оқушылары қатысты. 2-сыныптарға «Денсаулықты сақта» сергіту ойындары өткізілді.

Денсаулық күнінің іс-шаралары барлық сыныптарда өткен «Біз-жалынды жастармыз» флешмобына жалғасты.

 

Дата: 8.04.2019, 9:28 Автор: №16 ОМ