«Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде”

«Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде”

2021 жылдың 24 мамыр 4 маусым күндері аралығында «ӨРЛЕУ» ҰБАО АҚ ФИЛИАЛЫ ҚР БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ұйымдастыруымен «Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде” тақырыбында орта білім беру ұйымдарының директорларының біліктілігін арттыру курсы өтті.
Курсқа мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы қатысып, басқаруды ұйымдастыру, сапа менеджменті, білім беру үдерісін ақпараттандыру, жалпы басқарудың негіздері бойынша маңызды ақпараттар алды. «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ «ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» кафедрасының аға оқытушысы Байконыс Әнуар Жарылқасынұлының әрбір сабағы әсерлі өтіп, қашықтан оқыту жағдайындағы сабақты ұйымдастыру құрылымы мен түрлері, цифрлық мектеп – педагогтің ақпараттық мәдениетін дамыту және цифрлық білім беру ортасы, цифрлық мектеп моделін жобалау негізіндегі басқару технологияларына тереңінен тоқталды.