«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!»

«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!»

01.03.2021 күні
Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық біріңғай «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында орыс тілі мен шетел тілінің оқу сауаттылығы апталығының ашылу салтанаты онлайн және офлайн форматта өтті.
Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде шетел тілдер пәндерінің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Салтанатты саптық жиын көктем мерекесімен бірге келген «Алғыс айту» күні аясында Шаңырақ топтарының қатысуымен «Туған елге мың алғыс!» челленджімен ашылды.
Шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру және оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту міндеттерін іске асыруда мектеп-лицей көшбасшы оқушылары Қыдырбай Жанбота (7Б), Алхамбаев Исламдияр (7А), Омарова Дилназ (7Ә) «Тілге құрмет» бейнероликтерімен жалғасын тапты.
Қазіргі заманда тіл үйрену тек қана хобби емес, басты қажеттіліктің бірі екенін 8Б сынып оқушысы Халықберген Камила,10А сынып оқушысы Разакова Аружанның баса айтып, тілдің негізгі қызметі коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Саптық жиын соңынан «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» апталығы іс-шалалар жоспарымен таныстырылды
Жаңа апта жақсылықтарға толы болсын!