2019 жылғы 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

2019 жылғы 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

2019 жылғы 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

Мектеп-лицейде 10 қаңтар- 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы балалардың құқықтарын қорғау саласында әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өткізілді.

Мақсаты: аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, қолайсыз отбасылардан шыққан отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету.

Мектеп-лицейдің 1 қабатында акцияға арналған ақпарттық қабырға жасалды.

Акцияға ат салысу мақсатында  ата-аналардан  қаржылай және заттай көмектерді жинау үшін жарнама парақшалары таралды. 43 сынып жетекшіден сыныптар бойынша әлеуметтік төлқұжаты қайта қарастырылды. Педагогикалық жалпы жиналыста жұмыс жоспары таныстырылды. Әр сынып жетекші, ата-аналар қауымдастығымен біріге отырып, «Қамқорлық» акциясы аясында  аз қамсыздандырылған,  ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетті.Жалпы оқыту және көмекті қажет ететін білім алушыларға, әлеуметтік көмек көрсету үшін, демеушілермен ынтымақтастықты нығайту шаралары өткізілді. Көмек көрсеткен демеушілерді атап айтсақ: Сыздыкова Н.М,  Мусатаева Г.М, Жұмабай  Д.Ж,  Сыздықбеков А.Ж.

Мектеп-лицей педагог-психологтары Акшалова А.Т, Оразан А.Т ұйымдастыруымен «Қамқорлық – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары эссе жазды.

«Мейірімділік» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар тақырыпқа сай суреттер салып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

«Қайырымдылық», «Қамқорлық», «Жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сынып жетекшілер Г.Б.Сапарова және И.Ж.Жуматованың ұйымдастыруымен    8Б, 9А сынып оқушылары арасында  «Жақсылық жасауға асығайықтақырыбындадөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар арасында тақырыптық сұрақтар төңірегінде қызу пікірталас жүрді. Оқушылар берілген нұсқаулыққа сәйкес топтық жұмыс барысында жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндірді. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін өз бастарынан өткен оқиғалармен жеткізе отырып, қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға шақырды.                                

Бұл шараға барлық сыныптар, ата-аналар, мектеп-лицей ұжымы  белсене ат салысып, акция өз мақсатына жетті.