"Бір отбасы – бір кітап" акциясы

Бүгін,20.11.2020жылы "Бір отбасы – бір кітап" акциясы аясында мектеп кітапханасы "Кітапханаға кітап сыйла - Подари библиотеке книгу" акциясын ұйымдастырды.Мақсат: ата-аналар мен оқушыларға отбасылық кітап оқуды насихаттау, оқушылардың бойында ізгі қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету. Кітап-біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Отбасындағы балаға кішкентай кезден кітап оқуға көңіл бөлу – болашақта оның тәрбиелі де, білімді, еліміздің мақтанышы болып өсуінің кепілі. Ал, кітапханаға кітап сыйлау арқылы сіздер кітаптың өмірін ұзартасыздар, басқа да балалардың сіз әкелген, сіз оқыған кітаптың ары қарай да оқылуына жол ашасыз. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы өз жұмысын жалғастыруда.Барлық ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды акцияға қатысуға шақырамыз!Талап біреу ғана-ол кітап оқу. Балалар қалаған кітаптарын алып, орнына өздері әкелген кітаптарын ұсынады. Бұл акцияға кітапты жақсы көретін 5 сынып оқушылары қатысты.
Дата: 20.11.2020, 22:57 Автор: №9 ОМ