Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар! Балқаш қаласының бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылғы 23 қазандағы №24 қаулысының 4 тармақшасының 2-тармағын орындау мақсатында «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ кезекші сыныптарда оқитын, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарына, үйірме мен секцияларға баратын балалардың 1,2 ауысым сабақ кестесіне сәйкес, құрал-жабдықтарының(мектеп сөмкесі, спорттық форма және т.б.) бар болған жағдайында ересектердің сүйемелдеуінсіз *қозғалысына* *рұқсат етіледі*. Алаңдарда, аллеяларда, ойын алаңдарында және көшелерде кәмелетке толмағандардың *мақсатсыз* қозғалуы жағдайында ата-аналарға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары *қолданылады* .
Дата: 24.10.2020, 11:05 Автор: №9 ОМ