«ЭКО CITY» акциясы

«ЭКО CITY» акциясы
17.10.20 күні «ЭКО CITY» акциясын қолдап, ЖББ9 орта мектебінің оқушылары, ұстаздары, мектеп түлектері, ата- аналары мектеп маңына ағаштар отырғызды. "Бір тал кессең, он тал ек" дейді халық даналығы, өзіміз мекендеп отырған ауылымызға сəн берер, қоршаған ортаны зиянды ауадан зарарсыздандырып отыратын жасыл желектеріміз ну орманға айналып, шəкірттерімізге көтеріңкі көңіл-күй мен мықты денсаулық сыйласын деген тілегіміз бар. Ендігі міндет, тал шыбықтарымыз мəуелі терекке айналғанша тынымсыз еңбектеніп, күнделікті қадағалау болмақ.
Дата: 17.10.2020, 11:18 Автор: №9 ОМ