5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай мұрасының мәңгілік ел идеясымен үндестігі» атты танымдық ойын өтті.

5-6 сынып оқушыларының қатысуымен  «Абай мұрасының мәңгілік ел идеясымен үндестігі» атты танымдық ойын өтті.
2020 жылдың 24 қаңтар күні мектебімізде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Орынтаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Харшинбай және мектеп кітапханашысы Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай,5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай мұрасының мәңгілік ел идеясымен үндестігі» атты танымдық ойын өтті. Мақсаты:Оқушыларды мәңгілік ел аясында , ел бірлігін, ынтымағын, ауызбіршілігін сақтауға, елді, ұлтты Абайша сүюге тәрбиелеу, ұлтым, тілім, дінім деп ел бірлігіне өз үлесін қосатын нағыз патриот болуға шақыру. Ойын «Топтастыр», «Сөз ойла,тез ойла», «Құлақтан кіріп бойды алар», Абай айтқан асылдар» атты төрт кезеңнен тұрды. Оқушылар ойынға белсене қатысты.
Дата: 24.01.2020, 15:50 Автор: №9 ОМ