«Ата – анамның жұмыс орнында 10 күн» жобасы

«Ата – анамның жұмыс орнында 10 күн» жобасы
«Ата – анамның жұмыс орнында 10 күн» жобасы аясында мектебіміздің оқушылары әр салада жұмыс істейтін ата – аналарының жұмыс орнына барып, қиындығы мен қызығы мол жұмыстарының қыр-сырын біліп, танысып қайтты. Осы уақыт арасында көрген-білгендерін жазып, фото-видео материалдар түрінде жинақтады. 7.11.19 күні мектебіміздің акт залында оқушылар жинақтаған фотосуреттерінен галерея жасап, видеоларын қорғады. Сонымен қатар, ата – анасының жұмыс орнында өткізген 10 күн ішінде көрген-білгендерін шеберлік сағаттарында көрсетіп, өздерінің ата-аналарының жұмыстары өздеріне ұнайтындығын және болашақта мамандық таңдауда көмектескендігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Дата: 7.11.2019, 15:36 Автор: №9 ОМ