11 сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2019! атты мерекелік жиынның ақпараты

11 сынып түлектеріне арналған  «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2019! атты мерекелік жиынның ақпараты

2019 оқу жылындағы 25 мамыр күні сағат 10.00-де 11 сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2019!» атты мерекелік жиынның бағдарламасы бекітіліп, жоспарға сай мектеппен қоштасудың іс-шаралары ұйымдастырылды. 3 қабатта орналасқан Мәжіліс залы соңғы қоңырауды өткізуге арнайы безендірілді.

   Мерекелік жиынға Балқаш қаласы денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Шакенов  Ізбасар Өміржанович, Білім бөлімінің бас  маманы  Касымова Назима Умирзаковна,10 сынып оқушылары, мұғалімдер,  ата-аналар қатысты.

Сынып жетекшісі – Мукажанова Аманкул Тилеукадыровнабастаған  2018-2019 оқу жылындағы 9  түлектің жетістіктерін айтып қарсы алды.Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды. Келген қонақтар жиналған қауымға таныстырылып, мектеп директоры Әби Гүлден Кенбайқызына сөз берледі.  11 сынып түлектеріне құттықтау тілектерін арнады. Ол 11 жыл бойы мектептің қоғамдық жұмыстарына қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді. Мерекелік жиында 1 сынып бүлдіршіндері түлектерге арналған өлеңдер, әндер орындап, арнайы сыйлықтарын тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, мұғалімдерге алғыс тілектерін арнай отырып, соңынан етегін басып келе жатқан 10 сыныптың оқу озаты Өмірсерік Назеркеге «Білім» кілтін  табыстады. Жиын соңында түлектер, соңғы қоңырау соғу салтанатын 11 сынып оқушылары Қойлыбаев Нұрлан және 1 сынып    оқушылары Бөрібай Аяжанғатапсырылады. «Қоштасу» вальсін мың бұрала биледі. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді.

Дата: 27.05.2019, 12:25 Автор: №9 ОМ