Химия пәнінен тәжірибелік жұмыс

6- практикалық жұмыс
Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу
1 тәжірибеде: біз дәптердің таза бетіне 1 қасық кальций гидроксиді мен 2 қасық құрғақ аммоний хлоридін салып, жақсылап араластырдық. Қоспаны құрғақ сынауыққа салып, газ өткізгіш түтігі бар тығынмен жауып,сынауықты тұғырға бекітіп қыздырдық.Реакция кезінде газ түзіліп, оны ауаны ығыстыру арқылы жинадық.Аммиак жиналған сынауықты судан шығармай тұрып, газ өткізгіш түтікті босатып, дереу сынауықты тығынымен суы бар ыдысқа төңкере құйып, судың сынауықбойымен тез жоғары көтерілгенін байқадық.Тәжірибе барысында түзілген ерітіндіні фенолфталинмен сынағанда малина түске өзгергенін байқадық.
3 тәжірибеде: Аммоний хлоридін қыздырып HCL және NH3 алдық. Тәжірибе барысында түтін шықты, бұл HCL-дың белгісі, және иіс бөлінді бұл NH3-тің белгісі.
Қорытынды: Біз мақсатымызға жеттік. 1-2-3 тәжірибеде аммиактың алынуын үйрендік.Тәжірибе өте қызықты және танымды болды.
9-сынып оқушылары