Жаңалықтар

"12-сәуір Ғарышкерлер күніне " арналған 7сыныптар арасында " Үздік космос" макеттер байқауы өткізілді .

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:30:52
"12-сәуір Ғарышкерлер күніне " арналған 7сыныптар арасында " Үздік космос" макеттер байқауы өткізілді . Іс-шараның мақсаты:оқушыларға ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім екенін еске түсіру,аспан әлеміне қатысты макет жасау арқылы "Жер ғаламшарымен" танысу. Өткізілген іс-шарадан оқушылардың «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген мақалдын мағына...

4 "Ә" сынып оқушылары қалалық музейге саяхат жасады.

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:28:32
4
Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні аясында 4 "Ә" сынып оқушылары қалалық музейге саяхат жасады. Оқушылар қаламыздың шығу тарихымен және ғарышкерлер күніне арналып қойылған көрмені тамашалады. Әр түрлі қызықты мәліметтер, тың ақпараттар тыңдады. Ойындар ойнап, танымдық сөзжұмбақтар шешу барысында белсенділік танытты.

Құттықтаймыз!!!

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:26:58
Құттықтаймыз!!!
 "Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы"КМҚК ұйымдастыруымен қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген Балқаш қаласының 85 жылдығына, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған " Ұлан" қалалық-әскери спорттық ойынында мектеп -лицей командасы жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі: Сауғамбаев Т. Е Құттықтайм...

"Серілер" ер балалар клубының кезекті отырыс

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:16:54
8-9 сынып оқушыларының арасында “Зиянды әрекеттерден аулақ бол” тақырыбында "Серілер" ер балалар клубының кезекті отырыс өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту керек екенін насихаттау; Отырыс барысында: тәрбие  үлкенге сыйластық, зиянды заттардан аулақ болу жайында сөз қозғалып, ақыл кеңестер берілді.

"Батыр баба - Ақжолтай" атты "Жас Сарбаз" әскери спорттық клубтары арасында өткізілген қалалық саптық байқауы

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:15:21
Ағыбай батырдың 220 жылдығына орай "Батыр баба - Ақжолтай" атты "Жас Сарбаз" әскери спорттық клубтары арасында өткізілген қалалық саптық байқауында "Әлихан Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицейі" ІІ орынды иеленіп, сыйлық табысталып, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. Құттықтаймыз!  

«Мен өз қаламды сүйемін!» атты экологиялық акция

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:12:34
«Мен өз қаламды сүйемін!» атты экологиялық акция
Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Айнала қоршаған ортаны абаттандыру мен экологиялық тазалықты сақтау мақсатында мектеп-лицейімізде экологиялық акция ұйымдастырылды. «Мен өз қаламды сүйемін!» атты экологиялық акциясы аясында өткізілген сенбілікке өз еріктерімен 10А,10Ә,11Ә сынып оқушылары қатысты. Жалпыэкологиялық сағат...

«Бірлік пен ынтымақ мекені-Ару Балқаш» тақырыбында асфальтқа сурет салды

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:08:14
«Бірлік пен ынтымақ мекені-Ару Балқаш» тақырыбында асфальтқа сурет салды
2 А және 5 А сыныптары «Ағыбай батыр» шаңырақ тобы Ару қаламыз-Балқаш қаламыздың 85 жылдық мерекесіне орай «Бірлік пен ынтымақ мекені-Ару Балқаш» тақырыбында асфальтқа сурет салды. Оқушыларға сүйікті қаламыздың тарихы, құрылысы, оның бас өндіріс орны тау-кен іргетасының қалануы үрдісі , сондай-ақ табиғи ерекшеліктері, байлығы жөнінде және 85 жыл көлемінде қаланың өсіп д...

«Powtoon» платформасында анимациялық фильмдер

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:04:38
«Powtoon» платформасында анимациялық фильмдер
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатындағы іс-шаралар аясында информатика пәнінің мұғалімі Арғынғазы Н.С. 7-8 сынып оқушыларына «Powtoon» платформасында анимациялық фильмдер жасау сабағын өткізді. Оқушылар «Powtoon» платформасында анимация жасаудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін, алгоритмін меңгерді.

«Туған өлкемнің мәдениеті!» атты бейнефильм

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:03:05
«Туған өлкемнің мәдениеті!» атты бейнефильм
9А, 6В сыныптарынан құрылған «Қарқаралы» шаңырақ тобы Көктемгі демалыс кезінде өткізілетін мектеп-лицейішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Туған өлкемнің мәдениеті!» атты бейнефильмін көріп, соңынан пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

«Сапалы білім. Ұрпақ тәрбиесі. Шеберлікті шыңдау» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті.

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-12 12:01:35
«Сапалы білім. Ұрпақ тәрбиесі. Шеберлікті шыңдау» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті.
«Сапалы білім. Ұрпақ тәрбиесі. Шеберлікті шыңдау» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша: 1.2021-2022 оқу жылының 3-тоқсандағы оқу-тәрбие процесінің талдаулары; Тәрбие құндылықтары; Білім сапасы; 2.Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамыту мен тәрбиелеу; 3.2021/2022 оқу жылының мектеп-лицейдің бітіруші түлектерінің ҰБТ нәтижелері...

1 сыныптар аралығында "Жаңылтпаштан жаңылма" атты бейнесайыс

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-10 10:35:34
1 сыныптар аралығында
Көктемгі демалысты тиімді өткізу мақсатында 1 сыныптар аралығында "Жаңылтпаштан жаңылма" атты бейнесайыс өтті. Мақсаты: жаңылтпашты жатқа айтуға үйрету, тіл байлығын дамыту, ана тілге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру Оқушылар бірнеше жаңылтпашты жаңылмай жатқа айтып. Сайыста белсенділік танытқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Тілімізді анық, сөзімізді қанық ететін жаңылтпашт...

Тарихи құндылықтарды дәріптеу мақсатында мектеп-лицейдің этнографиялық залына саяхат

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2022-05-10 10:27:34
Тарихи құндылықтарды дәріптеу мақсатында мектеп-лицейдің этнографиялық залына саяхат
Тарихи құндылықтарды дәріптеу мақсатында мектеп-лицейдің этнографиялық залына саяхат жасалынды 10ә сынып оқушылары Жәңгір Болатхан,Кенжебекова Назым, Маутказинов Елдар,Күлік Іңкәр,Нихамберлин Бабахан,Несіпбек Ерсін қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы өз ойларымен бөлісті Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқтала отырып, мерекелік тілектер айтты

бiрiншiсi 1 12 13 14 15 16 26 соңғысы