Ұлттық өнерге үйретудің тиімді жолдары

Балқаш қаласының Өнер мектебінде музыка мектептері мен өнер мектептерінің халық  аспаптар және хореография бөлімдері үшін «Ұлттық өнерге үйретудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум болып өтті. Семинарға Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі  Елешова С.М., Қарағанды, Сатпаев, Саран, Теміртау, Приозерск қалаларынан, Ұлытау, Ақтоғай, Шет аудандарынан 36 педагог келіп қатысты. Семинарға қатысушыларға мектеп директоры Р.Ж.Бакаева «Ұлттық өнерге үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беру» тақырыбы арқылы мектепте жасалынып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді, Оқушылардың сапалы білім алулары үшін жасалынған жағдайларды көрсету мақсатында қонақтарға мектепті аралатты. Кабинеттердің барлылығы интернетпен қамтылып, халық аспаптар бөлімі керекті музыкалық аспаптармен, хореография бөлімінің оқу бөлмелері  сабақ кезінде қажетті теле, аудио техникаларымен  жабдықталған.

          Музыка, хореография бөлімдерінің оқу корпусының әдістемелік алыңында ашық сабақтар мен мастер-кластар өтті. Қобыз класының педагогі Қ.О.Орисбаева «Оқушының орындау шеберлігін шыңдау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыға позицияларды, штрихтарды меңгерту арқылы педагог оқушымен озық оқыту әдісін пайдалана отырып оның орындау шеберлігін шыңдау жолдарын көрсетті.

       Хореография бөлімінің педагогі Б.А.Тлеугулова «Қазақ билеріндегі ою-өрнек элементтері» мастер-класында қатысушыларға қазақ биінде тұрмыстық заттарды ұтымды пайдалану жолдарын көрсетіп, 3 этюд үйретті. Би қойылымдарында оның тақырыбына терең үңіліп,  сюжетті би қоюға талпыну керек мәселесі көтерілді.

       Домбыра сыныбының педагогі Ж.Р.Надирбеков өзінің өткізген мастер-класында  IT техлогиясын «Домбра софт» авторлық бағдарламасы арқылы қолдануды көрсетті. Бағдарлама оқушылардың аспапты ойнап үйренуі үшін қызығушылығын арттыратын, үй жұмысының уақытында орындалуын қамтамасыз ететін мұғалімнің көмекшісі. Оқушыға өз бетімен жұмыс жасауға, нота сауатын, штрихтарды тез меңгеруге, өзінің үйреніп жүрген күйінің әр екпінде сауатты орындалуын тыңдауға мүмкіншілік береді. Бұл бағдарлама оқу үрдісіне музыкалық-компьютерлік бағадарламаны енгізуге себебін тигізетін технология екеніне семинар-практикумға қатысушылар тоқталып өтті.

       Домбыра класынынң педагогі Б.С.Асылжанова «Ұлттық музыканың шығу тарихы» тақырыбында интеграциялық сабақ өткізді. Сабақ барысында  қобыз, домбыра, флейта, фортепиано аспаптарын, а капелла,  қазақ биін кіріктіру, күйлерге аннотация жасау арқылы, видео материалдарды пайдаланып халық күйлерінің  шығу тарихының ашып шықты. Сабақта «Ақсақ құлан», «Қарасай-Қази», «Ел айрылған», «Айжан қыз»,  «Қара жорға» т.б. күйлер орындалды.

       Семинар-практикумның екінші жартысы көркемөнер бөлімінің оқу корпусында өтті. Семинарға қатысушылар ұлттық нақышта орындалған оқушылардың көрмесін тамашалап, «Қайнар» студиясының киізден жасалған сән, әшекей бұйымдарымен танысты.

       Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Наш Казакстан – Ұлы Дала Елі, Страна Преображенной Великой Степи» - атты музыкалық-хореографиялық қойылымда қазақ даласының табиғатын, бізге өткен заманнан сыр қалдырған балбал тастарын, байтақ даламызды қорғаған батырларды көрсетті. Ұлтымыздың тұрмыс салттық қол өнерлері: жүн өңдеу, киіз басу, ұршық иіру, ою ойып, құрақ тігуді  би нақыштарымен көркемдеп, композиция «Қайнар» студиясының киізден тіккен сәнді киімдерінің шеруімен аяқтады.

       Семинардың соңы «Қосымша білім беру мекемесі оқушыларының әлеуметтенуі үшін қолданылатын инновациялық формалар»  тақырыбы бойынша панельді дискуссиямен аяқталды. Дискуссияны жүргізуші өнер мектебі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Г.С.Жексембекова қазіргі кезде балалардың әлеуметтенуі үшін қосымша білім мекемелерінің тигізер әсері зор екендігіне тоқталып өтті. Оқушылардың әлеуметтенуі үшін әлеуметтік педагогикалық жоба бойынша мектептен шалғай орналасқан шағын аудандарда қосымша білім беру сыныптарының ашылуы; «Жұмбақ әуен» ойын әрекеті; «Жетістік жағдайын» жасау жолдары; «Күләш Байсеитова атындағы степендиясын тағайындау» жаңа жобасы; ЮНЕСКО клубының жобаларына қатысуы ықпалын тигізетіндігі туралы ойларымен  домбыра класының педагогтері Жарова А.Н., Елеубекова Г.Ұ., Мухамедкалиева Қ.М., ата-аналар Левенцова В.П., Ибраева А.Ы. бөлісті.

Дискуссияны жүргізуші Г.С.Жексембекова оқушылардың әлеуметтенуі функционалдық сауаттылықтың даму нәтижесін беретіндігіне тоқталды. Мектептің дәстүрлі ән сыныбының түлегі Серікпай А. алған білімдері практикалық жағдайларда  және әлеуметтік бейімделу үдерісінде беріп жүргені мүмкіндіктер туралы айтып өтті.