Көркемсурет бөлімі

Бұл бөлімде 196 оқушы білім алады.Ұжым саны-19.

Көркемсурет бөлімінің басты міндеті:көркем-эстетикалық тәрбие беру,сурет салу жолдарының алғашқы сауатын оқыту, эстетикалық талғамдарын дамыту ,оқушыларды көркем әлемдік мәдениетіне, халықтық салт -дәстүрге баулу, әрі арнайы орта біліммен жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыру үшін талантты оқушыларды даярлау.

                       Оқу процесі 3 сатыдан тұрады.

1-саты-  «Эстетикалық талғам»,5 жас пен 10 жас аралығында қабылданады.Топтарға бөлінеді.

-даярлық 5-6 жас

-кіші оқушылар 7-8 жас

-9-10 жас

2-саты-  бұл даярлық топқа оқушылар 11 жастан бастап қабылданады.

3-саты-негізгі курс(оқу мерзімі)-4 жыл. Дәл осы сатыда балаға бастапқы білім беру этаптары жүргізіледі.Мектеп түлектеріне бітіру туралы куәлік  беріледі.Көркемсурет бөлімінде төменгі пәндер оқытылады.:сурет,мүсін,компютерлік графика,сәндік қолданбалы өнер,өнер тарихы,станоктық композиция.

 Мамандыққа бейім ,қабілеті бар және қалауы бойынша оқуды жалғастырға(1-4курс),осы курсты жақсы меңгергендер қалауына қарай қосымша дайындыққа 5-ші курсқа тіркеледі.

Көркемсурет бөлімінде «Қайнар»студиясы жұмыс жасайды.Оқушылардың қалауы бойынша әр-түрлі техникада,сәндік қолданбалы өнерде: жүнді  илеу, түс киіз тоқу, әшекей бұйымдар және батик жасаумеен айналысады.