Әсемдік бөлімі

«Креатив»  студиясы

                                       

                  Жетекшісі Мугманова Индира Медетқызы                

 

       «Креатив» студиясында Сіздердің балаларыңызға бізбен, ілгекпен тоқу өнерін үйретеді, өздері мен сүйікті қуыршақтары үшін жауһар үлгілер жасауға мүмкіндік алады.

       Жетістіктері: облыстық жастардың Дельфия ойындарында  ІІ орын, халықаралық «Юный полюс» фестивалінің дипломы, облыстық «Туған соқпақтар» конкурсының  дипломы, «Ақ көгершін» Республикалық балалар шығармашылығы конкурсының І дәрежелі дипломанты, облыстық отбасылық «Кішкене ханшайым» балалар конкурсында І орын. 

 

 «Эксклюзив» студиясы

Жетекшісі Жайнабекова Айнұр Бахытқызы

      Оқушыларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

     «Эксклюзив» студия үйірмесі әр түрлі техникада жұмыс жасау, оригами, квиллинг, бисермен кестелеу, декупаж, топиарий, жұмсақ ойыншықтар тігу, сутажды әшекей және түрлі бұйымдар жасалу әдістерді меңгертіп үйрету, баланы қолөнерге баулу, халық қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету үйірменің алға қойған мақсаттарының бірі.

 

 

 

«Hand made»

Жетекшісі Қайдар Айтолқын Талғатқызы

 

«Hand made» үйірмесі. Балалар сурет салуды,  кішкентай кезінен бастап балалардың ең сүйікті істерінің бірі болып табылады.  Сурет үйірмесі дамуға көп пайда әкеледі: балалар өз қиялын ашады, қоршаған әлемді зерттейді және өз бейнелерін қағазға түсіруге үйренеді. Бұл өнерді меңгеру элита үшін қол жетімді деп ойламаңыз, тәуекелге барыңыз және бұл хобби сіздің өміріңізді жаңа түстермен бояйды! Біздің үйірме  сіздерді сурет салуға шақыра отыра«Hand made» үйірмесінде әр түрлі техникада сурет салуды үйренесіз.

 

  

 

 

 

"Бейнелеу әлемі" үйірмесі

 

Жетекшісі Тохметова Арайлым Тлеуғабылқызы

      Эбру техникасында сурет салу өте қызықты және қиын емес, ол тек қиялды ғана емес, түс сезімін де дамытады.Түстердің өзара байланысы,  сіз қолмен жұмыс жасағаннан гөрі табиғи минералдарға немесе экзотикалық құстардың суреттеріне қарап,  қиялыңыздағы суретті салуға мүмкіндік береді. Бұл үйірмені таңдау балаңыздың өмірін жаңа түстермен безендіреді, және суретке деген қызығушылығын оятады. Осы техникаларды  игеру үшін, «Бейнелеу әлемі» үйірмесіне келіңіз!

 

 

Асыл шебер үйірмесі

 

 

 

Жетекші: Нарынова Айнур Мансұрқызы

Асыл шебер үйірме  бағдарламасында оқушыларды еңбекке,түрлі өнер бұйымдарын жасауға,ой-өрісін,шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып,бар затты ұқсата білуге,сол заттың қадір-қасиетін білуге,күнделікті өмірде қолдана білуге көмектеседі.

 

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.