Детский технопарк INTEL

         "Ақ қайық" шахмат клубы

                            

              Жетекші Алимжанов Ерғазы Аубакірұлы                      

        Қазақстан Республикасының шахматтан  еңбегі сіңген жаттықтырушысы                     

           Балаларды шахматқа үйрету олардың жазық бетте бағдар ала білуге, ойлауын дамытуға, салыстыруға, есте сақтауға үйретеді, олардың  бойына зейінділік, шыдамдылық, жинақылық, дербестік секілді  құнды қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасайды.       

      Жетістіктері: Ыдырысов Дулат  - Қарағанды  қаласының чемпионы, облыстық күміс жүлдегер. Мешітбай Дана  - Қарағанды  қаласының чемпионы, облыстық күміс жүлдегер.Нілтай Әкежан – Қарағанды облысының чемпионы.


 

"Робототехника" үйірмесі

Жетекші Кәрібай Елена Сергейқызы  

 Балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға жаңаша жағдай жасау өндіріске жоғары технологиялардың қарқынды енуімен маңызға ие болып отыр. Болашақтағы техника әлеміне, роботтехника әлеміне қадам жасауға «Робототехника» үйірмесі зор көмегін береді. Оқушылар сарайында балаларды роботехникасына үйретуде, құрылым, үлгі  жасау мен автоматты басқаруда сапалы оқу әрекетін ұйымдастыруда Mindstorm LEGO конструкторлары ұсынылады.   

 

 

 

 

"Авиамоделдеу" үйірмесі

Жетекші Ахатов Саят Касымханұлы

 

          Авиамоделизм – спорттық-техникалық  бағыттағы тәжірибелі жетекшісі С.К.Ахатов ойлауға, сызбаларды оқуға, өз қолдарымен самолет модельдерін құрауға  үйрететін үйірме.

         Үйірме жұмысы барысында шешілетін басты міндеттерінің бірі- аэродинамиканың қарапайым теориялық  негізін оқу, түрлі материалдармен, құрал жабдықтармен жұмыс істеудің қарапайым әдісіне дағдыландыру, авиақұрылыстың даму тарихын оқыту негізінде патриотизге тәрбиелеу.Балалар  ұшу аппараттарының құрылысы негізін таниды, қарапайым ұшу аппараттарын құрайды.

  

"Авиа-судомоделдеу" үйірмесі

  

Жетекші Қанатов Ғабит Каменұлы 

     Кеме үлгілерін жасау- мейлінше танымал спорт түріне жатады. Үйірмеде жақсы ұйымдастырылған жұмыс балалар бойына еңбекке деген шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастырады, ұжымшылдық  рухына тәрбиелейді, сонымен бірге, шығармашылық конструкторлық ойлауын дамытып, оқушының политехникалық дүниетанымын кеңейтеді. Кеме үлгілерін жасау спорты- оқушылар арасында теңіз ісі негізі мен  теңіз мамандықтарына деген  қызығушылықты насихаттайтын әдіс болып табылады. Балалар оқыту барысында барлық  материалдардан түрлі модельдер дайындайды.

 

 

 

 

"Радиолюбитель" үйірмесі 

Жетекші Сафиюлин Николай Борисович

   «Радиоәуесқой» үйірмесінің сабақтары политехникалық сипатқа ие. Себебі,радиоқабылдағышты немесе кез келген басқа радиотехникалық құралды салу үшін физика, математика пәні бойынша білімді қажет етеді.

   Үйірмемен айналыса отырып, балалар электр және Радиотехника бойынша теориямен және практикасымен танысады,  аспаптармен және өлшеу аппараттарымен  жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, электр сұлбаларын оқып, сызуды үйренеді, қарапайым технологиялық процестермен танысады және құрастырады.

 

 

РТ-студия "Стоп-кадр" 

             

 


Жетекшілер:

        Калыбаев Думан                      Сепен Руслан 

          Тұрсынханұлы                          Сергеевич                      

 "Стоп - кадр " үйірмесі өз ішінен екіге бөлінеді "Жас тілші" және "Оператор."Жас тілші "үйірмесінде   балалар ақпараттар жазуға, тілі шұбарламай таза сөйлеуге, мақала хабарлама  жазуға,сұхбат алуға үйренеді.Сондай ақфункционалдық сауаттылықтарын арттырып,  тілдік - коммуникативтік құзыреттілігін дамытып, тілшіге  қойылатын талаптарды меңгереді.Мәтіндерді талқылап өз пікірлерін ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуді үйренеді. "Оператор" үйірмесінде балалар бейне камерамен түсіруді және қозғалатын нысандарын жылжытуды үйренеді. Жабдықты фотокамерамен үш өлшемдік жарықтандыру құрылғылары мен қалай қолдану керектігін үйренеді.Фильмді құру негіздерін үйренеді.