Отдел детских инициатив

«Қызықты математика» үйірмесі

 

Жетекші Сапарғлиева Жұлдыз Мадиярқызы

 

    «Қызықты математика» үйірмесінде бастауыш сынып оқушысын математикаға жан-жақты дайындап, әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін  ескере отырып, жеке тұлғаның  дамуына қолайлы жағдай тудыру.Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуіне икемдейді.

 

 

 

«Шапағат» және «Шұғыла»  клубы

     

 

Жетекшілері:   Шакенова Қымбат  Арыстанқызы

                         Әшімханова Асемгүл Асылханқызы

 

  «Шапағат» және  «Шұғыла» клубтарында 3 – 6 жастағы балалар шұғылданады. Балалар үшін кешенді даму бағдарламалары, ритмика, музыка, театр жұмыс істейді. 

 

 

«One power» еріктілер клубы

 

Жетекші  Темірғали Маржан Мырзағалиқызы     

«One power» еріктілер клубы әлеуметтік белсенді жасөспірімдердің ұйымдастырушылық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін  дамытуға және іске асыруға жағдай жасайды, сонымен қатар қайырымдылықпен  белсенді айналысады.

 

 

 

 

 

 

Қазақшаңыз қалай?

 

Жетекші  Амангелдина Еркежан Серікбекқызы   

Бір шаңырақ астында бірлік пен татулықты ту еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлық. Қазақшаңыз қалай? үйірмесінде басқа ұлт балаларын және ата-аналарын қазақ тіліне қызықтыру және үйрету.Үйірменің басты мақсаты,Қазақ халқының әдет-ғұрыптары,салт дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың тілдік тәжірибесін кеңейту.

 

 

 

«Уникум»

 

Жетекші Буханцева Виктория Евгеньевна

Уникум жеке тұлғаны дамыту үйірмесі – болашақ кәсіпкерлердің кездесу орны. Мұнда бала өз бойында шапшандылық, жауапкершілік қасиеті мен қатар  өз тобының лидеры болуға, іскерлік әңгіме жүргізу қабілеттерін дамытады.

 

 

 

 

 

«Hanguk» шығыстану орталығы

Жетекшісі: Бощанова Ботагоз Ергазиевна.

Сіз білесіз бе, шет тілін үйрену миды бұрын-соңды оқшаулап, ажырата отырып мазаламаған көптеген дыбыстарды табуға мәжбүр етеді.
 Егер сіз тілдерді жетік білсеңіз, құпия есіктерді ашып, жету мүмкін болмайтын жерге баруға мүмкіндік беретін сиқырлы кілт сияқты.  Тілдерді білу барлығына көбірек мүмкіндіктер береді: шетелде оқуға немесе жұмыс істеуге, көбірек ақша табуға, бүкіл әлем бойынша достар табуға.

 

 Хангук шығыстану орталығында сіздің балаңыз «таңғы сергектік» елін таба алады.  Оңтүстік Корея көптеген жылдар бойы білім беру, медицина және музыка индустриясында өзінің жетекші позициясын ұстап келеді.  Біздің үйірменің құрамына енген балалар айқын мақсат қояды және кішкентай, бірақ сенімді қадамдармен өз армандарына барады.  Өйткені, дәл осы корей тілін білу Кореяда ақысыз білім алудың барлық есіктерін аша алады.  Біздің достық командаға қосылыңыз!
 
 

 

 

Театральный кружок "Малышарики"

 

 

Руководитель: Лебедева Татьяна Анатольевна

Театральный кружок "Малышарики"- это отличный способ развития талантов ребенка.На занятиях ребята выполняют различные упражнения на улучшение дикции,ведётся работа по изучению пословиц и поговорок.Так же мы учим стихи,слушаем аудиосказки русские,казахские и знакомимся со сказками народов мира.Дети узнают много нового о театре,о видах театра,о том,какие существуют куклы.Кружковцы узнают много полезной информации о прекрасном мире, который их окружает.На уроках актерского мастерства мы учимся самостоятельно сочинять сказки.С ребятами постарше мы инсценировали сказкуМуха-цокотухаи показали её младшим кружковцам.Много интересного проводим мы в нашем кружке.