Кітапхана –адамзаттың рухани азығы!

 

     Жаһандану заманында халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін, рухани құндылықтарын өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, бойына дарыту, ұлттық патриотизмді өрістетіп, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауға  тәрбиелеу. Мектеп –лицей кітапханасы оқушылардың интеллектуалды

           Деңгейін өсіретін ақпарат алаңы.Сапалы білім мен  саналы тәрбие алатын рухани орталық. Кітапханада библиогалерея, кітапхана бульвары буктрейлер, библиоквилт, әдеби караоке, библиоглобус, көрме-инсталляция, виртуалды ұсыныс, әдеби-виртуалды карта секілді т.б. кітапханалық жұмыс формаларының түрлері мен көрмелердің жаңа бағыттары мен жаңашыл жолдарын оқырман  назарына ұсыну басты міндетіміз.Дәстүрлі өткізілетін Кітап оқу және инновация,Кітапханалық өлкетану- зор мүмкіндіктер аймағы Ғажайып ертегі әлемі кітапханада.Баспасөз беттері-жаңалық жаршысы.  мектеп кітапханасы мерзімді басылымдарға  оқырманның рухани жан-дүниесін кеңейтуге сыныптарда түрлі оқу-тәрбиелік шараларын өз деңгейінде өткізуге көп көмегін тигізсе, сонымен бірге мектеп мұғалімдері мен оқушылары әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдаланады.

            Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшелігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына, оқу бағдарламасының түрлерін жаңа кітаптарды, электронды әдеби шығармаларды, нұсқаулықтарды, әдістемелерді, оқулықтарды басқа да материалдарды ұсынатын ақпараттық орталық.

          "Рухани жаңғыру -жарқын болашағымыздың негізі" мәдени өнімдеріміз -рухани құрал алдымен кітап түрімен өркендеуі тиіс, сондықтан мектеп кітапханасында көпшілік жұмыстар республикалық "Бір ел-бір кітап" акциясына қатысу, "Кітап әлемді бағындырады " 2-11 сыныптар кітап сыйлау акциясы," Интернет орнына кітап", "Оқуға міндетті-100 кітап аллеясы" , дәстүрлі" Оқитын отбасы" сайысы, "Үздік оқырман""әдеби аукцион, буккроссинг, флешбук, поэтикалық марафон, библиофреш ұйымдастырылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін дамытуда рухани-құндылығы бай салауатты тұлғаны қалыптастыру үшін кітапхананың маңызы зор.

Кітапхана қызметінің  бағыттары:

  • кітапхана қорын ұйымдастыру;
  • оқу бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін және өздігінен білім алуды 
    ақпарат көздерімен қамтамасыз ету;
  • oқырмандардың дереккөздерге тәуелсіз қолжетімділігін қалыптастыру ;
  • жаңа кітаптарға ақпараттық библиографиялық  ақпарат күнін өткізу.
  • оқытуда озық халықаралық тәжірибені енгізу;
  • оқу мәдениеті мен сын тұрғысынан ойлауын дамыту, түрлі дереккөздер арқылы үштілділікті қолдау ;
  • білім беру, зерттеу және жобалау іс-әрекетінде оқушыларға қолдау көрсету.

   Мектеп кітапханасы ғаламторда еркін жұмыс жасау үшін заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған.

   Кітапхананың негізгі қоры - 31 871, оның ішінде оқулықтар 21 650, электронды оқулық 1 467, көркем әдебиет 2 283, әдістемелік нұсқау 764, көрнекіліктер 1 701 және білім беру дереккөздерімен жабдықталған.

      Кітапханада зерттеу жұмысы мен демалуға арналған оқу бөлмесі,  кітап қорын сақтау орны, оқу залына және келушілердің жеке шығармашылық жұмыс жасауына арналған компьютерлік торап ұйымдастырылған.