С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы «Балбөбек» шағын орталығы

2008-2009 оқу жылы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы үшін жаңалыққа толы жыл болды. Қалалық Білім бөлімінің 19.06.2008.ж.№156/1 бұйрығын басшылыққа ала отырып,25.08.2008 ж. мектепішілік №13 бұйрығы бойынша «Балбөбек» шағын орталығы ашылды. Бұл «Балбөбек» шағын орталығына қаламыздағы бюджеттік салада қызмет жасайтын қызметкерлердің балалары қабылданды.Бұл біздің бюджеттік қызметкерлер үшін қуанарлық жағдай болды. Мектепалды кіші орталықтың мақсаты – 3 жас пен 5 жас аралығындағы балаларды жан-жақты дамыту, әлеуметтік бейімдендіру, денсаулығын сақтау, нығайту  және ақыл-ойын жетілдіру болып табылады. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып нығаяды. Онымен бірге біздің болашағымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Олар өз ұрпақтарының жауапты және жігерлі, әрі жақсы білім алған,  денсаулығы мықты өкілдері болады» -  деп бүгінгі ұрпаққа үлкен сенім артып отырғаны белгілі.    Яғни осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында жергілікті жердің бюджетінен 2739600 теңге бөлініп, «Балбөбектің»  қаз- тұрып, тәй-тәй басып кетуіне үлкен септігін тигізуде.  Қазіргі таңда шағын орталықта жас ерекшеліктеріне қарай 3 топ жұмыс жасайды.  2- кіші тобы 3-4 жас аралығында «Балапан», 4-5жас аралығында «Айгөлек», «Балауса» топтары.  Осындай жас ерекшеліктерін ескере отырып, гигиеналық талаптарға сәйкес балалардың ойын, оқу және жатын бөлмелері кіріктіріле жаптықталған 4 топ бөлмелері бар 1 қабатта орналасқан. Онда 66 бала қамтылған. 1 бөлме «Асхана», қалған 3 бөлмелер топтарға арналған. Аталмыш орталықтын жұмыс тәртібі 5 күнге негізделген. Бөбектердің жатын, жуынатын бөлме, сабақ кестесі  және күн тәртібі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалған. Балалар танертен 07.30-дан қабылданып, 18.00-ге дейін тәрбиеленеді. Шағын орталықта Әдіскер, 6 тәрбиеші, психолог, медбибі, 3 тәрбиеші көмекшісі, кір жуушы қызмет атқарады.Танертенгі сағат 8.00-де жаттығулар басталып әрі қарай әр топ өз күн тәртібіне байланысты жұмыстарын жалғастырады.

     Ата – аналарды топ өміріне тарту және әртүрлі бірлескен іс - әрекет түрлерін, мерекелер мен сауық кештерін ұйымдастыруға көңіл бөлінеді. Тіпті әр мерекеге байланысты өткізілетін ертеңгіліктерді тек балалармен ғана емес, ата-аналармен де  бірлесе отырып, көңілді  әрі қызықты өткізеді, ата – аналар бұрышында мерекелерде құттықтаулар, ақыл кеңестерберіліп тұрады.

Шағын  орталық топтарында ойындармен қоса математика, тіл дамыту, орыс тілі, дене шынықтыру, ән-күй, айналамен таныстыру, жапсыру, сурет салу, құрастыру сияқты сабақтар да жүргізіледі. Математика сабағында санауды үйренсе, тіл дамытуда сөйлеу арқылы тілін дамытады. Сонымен қатар жас мамандаға тәлімгер Елубаева Д.К. ашық таңертеңгілік жаттығу, дене шынықтыру сабағын өткізіп, ақыл кеңестер беріп тұрады.