"Спорт пен еңбек қатар жүреді" спорттық сайыс
20-04-2018 10:30

Сәуір айының 20-ы жұлдызында "Ақбота" балабақшасының "Еркетай" ортаңғы тобымен "Спорт пен еңбек қатар жүреді" атты спорттық сайыс болып өтті. Сайысқа қатысушылар "Толағай" және "Қарлығаш" тобы болып бөлініп, жарысты. Сайыс барысында "Гүл отырғызу", "Анама көмектесемін", "Менің ойыншықтарым" сияқты ойындарды ойнап, екі топ жарысты. Сайыс соңында барлық қатысушылар мадақтау қағазымен марапатталды.