«Абайлаңыз балалар!»
13-09-2021 16:47
«Абайлаңыз балалар!»

 2021 жылдың 23 тамызбен 9 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылы қарсаңында жол-көлік оқиғаларынан алдын алу үшін жергілікті патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе «Абайлаңыз балалар!» атты кең ауқымды акция өтуде. Аталмыш шараның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау. Балалар жол қиылыстарында ережені сақтамаудың салдары апатты жағдайларға әкелетіні түсіндіру. Мектебіміздің Жас жол инспекторлары Балқаш қаласының ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны А.Е Акашевтың ұйымдастыруымен өткен акцияға белсене қатысты. Бұл шара балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Көшеде дұрыс жүріп, тұруға, жол ережесін қатаң түрде сақтауға тәрбиелеу болып табылады.