1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні
28-04-2021 15:41

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.Осы мерекеге орай мектебімізде «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты челлендж өтті.Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

https://www.facebook.com/100024446897564/videos/971037017054519