Размер шрифта:
«Ұлағатты ұстаз 2016» сайысы
04-10-2016 09:33
«Ұлағатты ұстаз 2016» сайысы

29 қыркүйек КГКП ДДУ « Айгөлек» алғашқы рет мекеменің жас мамаңдарының қатысуымен ұстаздар күніне  арналған «Ұлағатты ұстаз»- 2016» атты сайыс өтті.                                                                                                      

Сайыс 6-ты бөлімнен құрылды:

«Таныстыру», «Қолөнер шебері», «Аспаздық жекпе-жек», «Шығармашылық». Қатысушылар ән айтып, би билеп, аспаздық өнерлерімен, сән үлгісін көрсетіп, білім деңгейі арқылы өз өнерлерін  қазылар алқасы мен  көрермендердің назарына ұсынды. Бес ең белсенді сайыскерлердің өнерін әділ қазылар алқасы бағалады:                                            директор Бажбенова В.Ю, әдіскер Маделина Т.Ә, қазақ тілі мұғалімі Ахметова Р.Б, тәрбиеші Аманбаева К.А. Барлық сайыскерлерге мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.

«Көрермендер көз айымы» номинациясымен ең әдемі биімен Арисбекова Г.И мақтау қағазымен мараппатталды.

Жумабаева Ж.Е өзінің ерекшелігімен көзге түсіп «Инабатты ұстаз» номинациясын иеленіп мақтау қағазымен мараппатталды.

«Көркем ұстаз» номинациясымен Қадырберлина Ж.Е нәзіктігі мен сыпайлығы үшін мақтау қағазын иеленді.

Абжанова К.М өз қолымен жасаған костюмімен көзге түсіп «Шебер ұстаз» номинациясын женіп алып мақтау қағазымен мараппатталды.

«Сұрақ-жауап» бөлімінде ең үздік жауап беріп өзінің біліктілігін Арзымбетова А.О көрсетіп «Білімді ұстаз» номинациясын иеленіп мақтау қағазымен мараппатталды.

Сайысымыз өте жоғарғы дәрежеде өтті. Келешекте жас мамандарымызға жігерлі және қуатты болып жақсы деңгеймен әрі-қарай нәтижелерін көрсетулеріне тілектеспіз.                                                                                          

Мерекелік сайысты жүргізгендер ән жетекшілері Нурбекова А.Ж, Зинатулина Н.Р және педагог-психолог Жунусова М.О.                                                          

Педагог -психолог Детского сада "Айгөлек"                                                                                                               Жунусова М.О